ГАЗель мен тепловоз қатысқан апат: Аяғынан айырылған қыз есін жиды

Тепловоз мен ГАЗель қатысқан апат салдарынан екі аяғынан айырылған 10 жасар қыз есін жиды.

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Облыстық балалар ауруханасының емдеу бөлімінің директорының орынбасары Әлия Әшімованың сөзінше, психологтар баламен жұмыс жасауда.

«Әзірге баланың сөздері түсініксіз. Дәрігерлерді көргенде қорқып, жылайды. Ата-анасын танып жатыр. Өзі тамақтанады. Қазіргі уақытта жақсарып қалды. Бірақ әлі де қалыпты ауыр халде.  Күн сайын баламен және ата-анасымен психологтар жұмыс жасауда», – дейді Әлия Әшімова.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында Ақтау мен Жаңаөзен ауруханаларында апаттан зардап шеккен 4 адам жатқанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 25 қарашада Маңғыстау облысындағы темір жолда Тепловоз бен  ГАЗель соғысып қалған еді. Салдарынан 9 адам көз жұмып, 20-дан астам адам түрлі жарақат алған. Облыстық полиция мәлімдегендей, апат кезінде торап кезекшісі мас болған екен.

Оқи отырыңыз:

Ыстық шайдың тағы бір пайдасы анықталды

«Ангар маньягы» атанған қанішер 84 адамды өлтірген

Ресейде қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастады

Америкалық әйел бір мезетте 6 баланы дүниеге әкелді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар