Ғалымдар еркек ұрығының әйелдердегі қатерлі ісікті емдейтінін анықтады

Шығыс және Оңтүстік Шығыс Еуропаның Лейбниц атындағы зерттеу институтындағы неміс ғалымдар сператозоидты әйелдің жыныс органдарындағы қатерлік ісікті емдеу мақсатында қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ACS Nano басылымына сілтеп Stan.kz.

Тәжірибе барысында мамандар сперматозоидтардың көмегімен әйелдің жыныс органындағы қатерлі ісік жасушаларының  87%-ын 3 күн ішінде жойған.

Хабарланғандай, ғалымдар ер адамның жыныс жасушаларын қатерлі ісікпен зақымдалған жатыр тініне ісікке қарсы доксорбуцин дәрі-дәрмегін жеткізу үшін қолданыпты. Ол үшін сперматозоидтарды дәрімен өңдеп, арнайы магнитті микромоторлар орнатқан. Аталған микромоторлар арқылы ағзадағы жасушалардың қозғалысын бақылауға болады. Мұнан кейін сперматозоид қатерлі ісікпен зақымдалған тінге орнатылып, одан доксорбуцин дәрі-дәрмегі бөлінеді.

Ғалымдардың пікірінше, бұл әдіс арқылы доксорубициннің сау тіндерге әсер етуінің салдарынан туындайтын емнің жанама әсерінен арылуға болады.

Сонымен қатар, мамандардың ұсынысы бойынша, мұндай спермороботтарды эндометриозды емдеуге, жатырдан тыс жүктіліктің алдын алуға қолдануға болады.

Оқи отырыңыз:

Қол жуудың ең дұрыс әдісі белгілі болды

Ғалымдар: Ауаның ластануы жасөспірімдердің психикасын бұзады

ГАЗель мен тепловоз қатысқан апат: Аяғынан айырылған қыз есін жиды

Ыстық шайдың тағы бір пайдасы анықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар