Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британияда мектеп оқушылары ереуілге шығады

Бірнеше мың британдық отбасы келесі сейсенбіде білім беру жүйесінің шектен тыс талабына наразылық ретінде балаларын мектепке жібермейді.

нрепак

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Let our kids be kids» («Балаларымызға бала болып қалуға рұқсат етіңіздер») қозғалысынан ата-аналар талабы бастауыш сынып оқушыларының жүктемесінің шектен тыс көп болуына байланысты. Бұған таяуда бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасына енгізілген SAT стандартты тест енгізу себеп болды.

Жаңа бағдарлама сияқты тесті де балалардың бұрын оқығанына қарағанда, күрделі, қиын болып шықты. Ата-аналарының пікірінше, бұл балаларға шектен тыс психологиялық қысым түсіреді.

Қауымдастықта алты жастағы балалар тестіден өтпей қалған кезде өздерін жолы болмаған ретінде санаған мысалдар келтіреді. Министрге бабағытталған үндеуде ата-аналар қауымдастығы тесті толықтай алып тастауды талап етуде.

«SATS-ты дереу алып тастағанын қалаймыз», – делінген үндеу хатта.

Талқылау