Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен марқұм жігітін жерлеу кезінде оған тұрмысқа шықты

Филиппинде қатты қайғырған бойжеткен қайтыс болған жігітіне тұрмысқа шықты.

Бойжеткен марқұм жігітін жерлеу кезінде оған тұрмысқа шықты

Бұл туралы Coconuts порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ерекше неке салтанаты Кауаян қаласында өткен. 19 жастағы Зарин өзінің сүйіктісі Джейк Энтони Макадангдангтың жерлеу рәсіміне қалыңдық көйлегін киіп келген. Ол қайтыс болған жігітіне қарап тұрып, адал болуға ант беріп, өз саусағына неке жүзігін тақты. Ал екінші жүзікті жігітінің қолына қойған. Себебі қайтыс болған жігіттің қолы сіресіп қалғандықтан, неке жүзігін тағу мүмкін болмады.

Бойжеткен марқұм жігітін жерлеу кезінде оған тұрмысқа шықты

Зариннің күйеу жігіті өткен айда қайтыс болған. Оның өліміне Аарон Кристиан Рейес есімді кәсіпкер себеп болған. Көлігін айдап келе жатқан кәсіпкер мотоциклмен жүрген Макадангданг пен оның достарына соқтығысыпты. Бұған дейін барда олардың арасында дау туып, төбелесіп қалған екен. Апат салдарынан жас жігіттен бөлек, тағы 8 адам зардап шеккен.

Бойжеткен марқұм жігітін жерлеу кезінде оған тұрмысқа шықты

Макадангданг мектепті енді бітіріп, шет елден жұмыс қарастырып жүрген екен. Ол Заринмен мектеп кезінен бері кездесіп жүрген. Ал бойжеткеннің отбасы жас жігітті жақсы көріпті. Сондықтан ата-анасы қыздарының мұндай рәсімді атқаруына қарсы болмаған.

Бойжеткен марқұм жігітін жерлеу кезінде оған тұрмысқа шықты

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау