Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Данияр Елеусінов Сондерстің бокс кешінде айқасатын болады

Данияр Елеусіновтің қызығушылықтарын таныстырып жүрген Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы боксшының кәсіби рингтегі төртінші жекпе-жегі туралы мәлімдеді.

Данияр Елеусінов

Бұл туралы Sports.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Елеусінова 20 қазанда АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Бостон қаласында жекпе-жекке шығатын болады. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны белгісіз. Ал Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы,  WBO-ның орта салмақ дәрежесіндегі чемпионы Билли Джо Сондерс пен Деметриус Андраде хедлайнер болады.

«Бостонға дауыл төніп келе жатыр… Сондерс-Андраде. Қазақтың найзағайы», – деп жазды Matchroom Boxing «Твиттердегі» парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Дания Елеусінов соңғы жекпе-жегін 4 тамызда өткізген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау