Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тони Блэр жекешелендіруге қатысты Қазақстан Үкіметінің кеңесшісі болуы мүмкін

Үкімет жекешелендіру ісі бойынша осы мәселеде тәжірибесі бар халықаралық консалтингтік компанияларды тартуға ниеттеніп отыр.

2525

Бұл туралы дүйсенбіде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәжілістегі үкімет сағатында хабарлады.

«Қазір біз жекешелендіру мәселелері бойынша тәжірибесі зор халықаралық консалтингтік компанияларды тартуды ойластырып отырмыз. Қазірше біз ол компаниялардың қысқаша тізімін жасап та қойдық. Олардың арасында McKinsey&Company, “Бостон консалтинг групп” компанияларынан ұсыныстар түсті. Бұл жұмысқа халықаралық қаржы институттары қатысады, сондықтан ең алдымен Еуразиялық қайта құру және даму банкі, халықаралық қаржы корпорациясы, Дүниежізілік банктің бөлімшелері қызығушылық танытты. Сонымен қатар, Тони Блэрдің компаниясы сияқты тағы біраз компанияларды тартамыз деген ойдамыз»,  – деді Досаев мәжілістегі үкімет сағатында.

Талқылау