Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да қатты жел мектеп шатырын жұлып әкетті

8 желтоқсан күні қатты жел Шыңғырлау ауданы Лубен ауылында А.Тихоненко атындағы орта мектептің акт залының шатырын жұлып әкеткен.

20151221132107

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқыс оқиға жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөліміне аталмыш мектеп мұғалімі А.Қалмағанбетов хабарлаған.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс майоры Марат Телемгеновтің айтуынша, жалпы аумағы 170 шаршы метр профлист пен 20 асбест-цемент қаңылтыр құлаған. Абырой болғанда, аталмыш оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Материалдық шығын есептелуде.
Айта кетейік, ауданда бірнеше күн бойы жел тұрып, қар жауған.

Талқылау