Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкек тұрғыны көз жанарынан айырылған қайыршыға қамқорлық көрсетті

Николай Зуев осымен төртінші тәулік өзінің жаңа досының үйін паналап жатыр. Оны тазалап, жуындырып, киім әперген. Егер, ер адам айнаға қараса өзін танымай қалар еді.

6666

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Бішкек тұрғыны Виолетта Наумкина 63 жастағы үй-күйсіз жүрген Николай Зуевке қамқорлық жасаған. Ол бірнеше жыл бұрын Ауған жерінде әскери борышын өтеп жүріп көз жанарынан айырылған. Зуев өзінде үй болғанан айтады. Алайда оның құжаттарын алаяқтар қолды қылған. 2011 жыл далада қалған ол көше жағалап түней бастаған. Күрке секілді лашықта күн кешкен.

Оны жергілікті тұрғындар тамақтандырып, көмек көрсеткен. Балалар да оған аяныш танытып, тамақ әкеліп тұрған.

776687878787

“Осындай үйсіз адамның жүргені туралы өз ұлымнан білдім. Ол достарымен бірге оған көмек көрсетеді екен. Алайда, менен ұрсады деп қорқыпты”, – дейді әйел.

Әйел онымен танысып көруге барады. Оны алғаш көрген кезде, арақты шектен тыс тұтынады екен. Бұл жағдайға қатты уайым білдірген Наумкина, оны ендігі кезекте өз үйіне тұрғызамын деп шешкен.

Зуев төртінші күн қатарынан қамқоршысының үйінде күн кешіп келе жатыр. Оны ауруханаға да апарып көрсеткен. Дәрігерлер қарттың денсаулығы жақсы екенін айтқан. Ол қазір көз жанарын қайта оралтуға ниетті. Құрылыс саласында немесе аула тазалықшысы болып жұмыс та бастағысы келеді.

Талқылау