Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бірлік" саяси партиясы президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді

Биылғы жылдың 9 маусымында өтетін президент сайлауына "Бірлік" партиясы қатыспайды. Бұл туралы партия төрайымы Роза Қуанышбаева мәлімдеді.

"Бірлік" саяси партиясы президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді

Елімізде тіркелген 7 саяси партияының бірі саналатын "Бірлік" партиясы алдағы президент сайлауына қатысудан бас тартып отыр. Тіпті, съезд өткізбейді. Бұл туралы саяси патрияның төрайымы Роза Қуанышбаева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар «Азат» демократиялық партиясы да сайлауға қатыспайтын болды. 

Айта кетсек, "Нұр Отан" партиясы 23 сәуірде съезд өткізіп, партия атынан сайлауға түсетін кандидатты жарияламақ. Ал Ақ жол» партиясы 24 сәуірде, Қазақстан коммунистік халық партиясы 26 сәуірде съезд өткізбек. 

Бұл ретте «Ауыл» мен Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясының президент сайлауына қатысатын-қатыспайтыны әзірге белгісіз қалып отыр.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 9 маусымында елімізде президент сайлауы өтеді.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр