Бикинидегі әйел полицей жағажайдағы ұрыны сабасына түсірді (фото)

Жұма, 29 Шілде , 2016 17:26

Достарымен суға түсіп демалып жүрген шведтік полицей әйелдің жұмыс істеуіне тура келді. Ұрының өзі де сондай үлкен демалыс аумағынан спортшы әрі полицей қыздың ұялы телефонын ұрламақшы болған. Микаэль Кельнер ұрыны сол жерде-ақ ұстап алған.

ұрыыыыы

Ұры демалып жатқан адамдардың қасына келіп газет ұсынған. Олар алудан бас тартқан кезде, қасында тұрған ұялы телефонды жымқыра кетуді ойлапты. Сөйтіп жолы болмаған сұғанақ екі бірдей полиция қызметкерінен соққы жеген.

Кельнердің полицияда жұмыс істеп жүргеніне 11 жыл болыпты. Ол демалып жүріп әрі шомылатын киімде бірінші мәрте тәртіпсіздіктің жолын кескенін айтады.

Болған жайт жайлы өзінің Инстаграм парақшасына жазған полицей әйел, мұны әзіл деп қабылдағанын айтқан. Сондай-ақ, барлық адамдарға жеке бұйымына ие болып жүруді ескерткен.

Ауыр атлетикамен айналысатын қыздың суреттеріне қарап отырып, ұрының қиын жағдайда қалып кеткенін түсінуге болады. Ол зілтемірді көтеріп тұрған суретінің астына 105 келі тасты көтеру өзіне еш ауыр еместігін айтады. Ал 110 келі нағыз өзі көтере алатын салмақ екенін нақтылап жазған.

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар