Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Көшқалиев Абай мен Ахметтің портретінің алдында би биледі (видео)

«KZ» тобының бұрынғы әншісі Бейбіт Көшқалиев «Аяқты қимылдат» атты жаңа бейнебаянының тұсауын кесті. Әнші «жаңа туындының түсірілім жұмыстарын бастаймын» деп осыдан төрт ай бұрын хабарлаған еді.

кошкалиев

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Санынан сапасы маңыздырақ» дейтін әнші тыңдарманына ұзақ уақыт бойы дайындаған бейнеклипін ұсынды.

«2-3 күнде бейнебаянның қамына кірісемін. Сөзсіз хит болады деп ойлаймын. Мұндай бейнебаян Қазақстанда бұрын-соңды болмаған», – деген еді әнші осыдан бірнеше ай бұрын берген сұхбатында.

Бейнеклип тұтастай биден тұрады. Тек тыңдармандар Абай Құнанбайұлы мен Ахмет Байтұрсыновтың портретінің алдында би билеген Көшқалиевті түсіне алмады. Әншінің мұнысы ұлт зиялыларын мазақ еткені ме әлде керісінше дәріптегені ме? Оны алдағы уақытта білетін боламыз.

Жіберіп алмаңыз: 

Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)

Нұртас Адамбай «Тараз» фильмінің түсіріліміне 400 мың доллар жұмсаған

Беделхан “Ninety one” тобына қалыптасқан кері көзқарасқа БАҚ өкілдерін кінәлап отыр

Q-POP стиліндегі кезекті бейнебаян тағы елді шулатты (видео)

Талқылау