Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Атамқұлов ОҚО-ның жаңа логотипін халыққа таныстырды

 ОҚО әкімі халыққа есеп беру жиынында аймақтың жаңа «Оңтүстік» деп аталатын логотипін жұртқа таныстырды. Ол тұрғындарға, бұл біздің  облыстың бренді деп таныстыра отырып, бұны  елдегі алдыңғы қатарлы дизайнерлердің бірі  салғанын да айта өтті.

брендинг

Бұл туралы Отырар арнасы хабарлайды.

” «ОҢ» сөзі тек оңтүстік деген сөздің бастапқы екі әрібі ғана емес ол қазақтілінде оң, дұрыс деген мағына береді”,-деді өз сөзінде облыс әкімі.

Оңтүстік  басшысы  жаңа логотип  сол аймақты білуге,тануға деген қызығушылықты арттыра түсетініне сенімді. “Оң сөзінің өзі біздің дұрыс шешімдер қабылдайтынымызды көрсетеді”,-дедйді әкім.

ОҚО-ның бренді жайлы 2016 жылдың қаңтарында айтылған еді.

брендинг.jpg2

« Біздің бренд  оңтүстік аймақты бейнелеп тұруы шарт. Ол ешқандай да брендге ұқсамауы керек, ешкімді қайталамауы тиіс. Аймаққа келген қонақтар брендімізді көріп, бренд жапсырылған тауарларды алып осы өңірге келгендерін сезінулері керек. Сондай-ақ, логотип біздің ең құнды, байлығымызды бейнелеуі шарт»,-деген еді  ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов.

Брендтің авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі  Серік Бүксіков. Ол бірнеше айдан бері осы іспен айналысып жатыр. Брендте облыстың көрнекті жерлері, Ұлы Жібек жолының жүрегі екені, Қызғалдақтың отаны екені, экотуризм бейнеленген. Бұл бренд ОҚО-да өндірілген тауарлар: киім,тамақ өнімдерінде жарнамалық мақсатта қолданылмақшы.

 

Талқылау