Бердібек Сапарбаев сотта ар-намысын қорғап алды

Жұма, 21 Қазан , 2016 8:36

Бердібек Сапарбаев ар-намысын қорғап алды. Бүгін Астана қалалық Алматы ауданының соты Ақтөбе облысы әкімінің талап арызын қанағаттандырды.

007203-YBbk3Z

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Талапкер Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының жауапкер Егеубаев Айдын Қалдыбаевичқа ар-намысқа, қадыр-қасиетті және іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылсын”, – деді Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Бағдагүл Бияхметова.

Осылайша сот шешімімен Айдын Егеубаевтың Youtube арқылы жариялаған мәлімдемесіндегі “Сапарбаев мырзаның тікелей тапсырмасымен қытай азаматтары жер алды” деген сөзі шындыққа сәйкес келмейді деп танылды. Сондай-ақ, дәл осы мәтінде ақпарат агенттігіне берген сұхбатын да сол баспасөз бетінде жоққа шығару міндеттелді. Азаматтық белсенді бұл шешімді қайта қарауға өтініш береміз деп отыр. Ал, Бердібек Сапарбаев моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге сұраған болатын. Судья, жауапкер Егеубаевтың 5 баласы бар екенін ескеріп шенеуніктің ар-намысының өтемін 100 мың теңге деп бағалады.

Еске сала кетсек, бұған дейін азаматтық белсенді Айдын Егеубаев Қытай азаматтарының қазақстандықтармен ортақ кәсіпкерлік ашып, сол арқылы ШҚО-дан жерді жалға алғандығын жария еткен еді. Егеубаев бұл іс сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен болғанын да айтқан. ШҚО экс-әкімі Сапарбаев өзіне қатысты жария болған бұл ақпаратты теріске шығарып, Егеубаевты сотқа берген болатын.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Кезінде елорданы ауыстыру – бомбаның жарылуымен тең болды (видео)

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

Сергей Кулагиннің ұлы президент әкімшілігіне беделді қызметке тұрды

Сапарбаев сенбілікке шықпай терезеден сығалап қарап тұрғандарға ұрысты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

16
Комментариев
  • Елдар says:

    Сапарбаев ешкімге тимейді. Бірақ өзі келіп жала жапқасын сотқа шағымданған шығар

  • Айназ says:

    Басқа айтса сенер ем, дәл Бердібек аға сатады деген миыма сыймайды, ол ондай кісі емес қой. Жала жапқан адам аса танымайды екен.

  • Аскар says:

    Сапарбаев керісінше, олардан жерді алмаса сатты дегені өтірік қой енді. Халық үшін жұмыс жасайтын әкім

  • Арнур says:

    Бізде өзінің адал еңбегімен көзге түсіп, елдің ықыласына бөленіп жүрген санаулы әкімдер ғана бар. Соның бірігейі Сапарбаев мырза ғой. Ол кісінің адалдығына еш күмән жоқ

  • Шолпан says:

    Шығармайтыны жоқ өздерінің. Басқасы басқа, бірақ Сапарбаев мырзаға былай жала жапқаны қисынға келмейді

  • Рустем says:

    Сапарбаев жаксы киси,бир орында отырмайды,адамгершилиги бар,оте адал адам

  • Арай says:

    ана блоггер немен ойлаган екен?!

  • Лаура says:

    жаксы болган екен

  • Анонимно says:

    Сапарбаев та қазақ емес пе, жаны ашиды. Оның сіңірген еңбегі де баршылық. Өзге ұлт өкілі сатты десе сенер ем, бірақ мұндағы сөздер негізсіз

  • Гуля says:

    Сол ақпарат шыққанда-ақ сенбеп ем, жазаланып дұырс болыпты

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар