Сергей Кулагиннің ұлы президент әкімшілігіне беделді қызметке тұрды

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 7:16

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ұлы – Павел Кулагин президент әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне тағайындалды.

14730730_872567999544600_2333257205643476992_n

Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

“Бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Өрентайұлы менің Президент Әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне тағайындалуыммен құттықтап, жаңа қызметіме табыс пен сәттілік тіледі. Барлықтарыңызға маған деген сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Әріптестеріме, Сарыарқа ауданының және астананың тұрғындарына, сондай-ақ біраз істерді бірге атқарысқан белсенділерге көп рахмет”, – деп жазды Павел Кулагин.

“Достар, менің бұрынғыдай сендерге есігім ашық. Біздің аудан, қала, тұтас еліміз үшін бірлесе қызмет істеуді әрі қарай да жалғастыруды қуана қолдаймын! Мен Мемлекет басшысының сенімін ақтау үшін, Отан үшін бар күш-жігерімді салатын боламын”, – деп атап өтті ол.

Павел Кулагин 2015 жылдың қараша айынан бері елорданың “Сарыарқа” ауданы әкімі қызметін атқарған еді.

Оқи отырыңыз:

Сапарбаев сенбілікке шықпай терезеден сығалап қарап тұрғандарға ұрысты

Мәдениет министрі «төсекке сүйремек болды» деп тағы бір алматылық бойжеткен мәлімдеме жасады

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне неліктен кешірім бергенінің себебін айтты

“Кішкентай Ким Чен Ын” желіде жұлдызға айналды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
05.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар