Сапарбаев сенбілікке шықпай терезеден сығалап қарап тұрғандарға ұрысты

Дүйсенбі, 17 Қазан , 2016 10:00

8 қазан күні Нұр Ақтөбе ауданында мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер тал егу – көгалдандыру шарасымен айналысқан. Алайда сенбілікке тұрғындар шықпай, үйлерінен бақылап тұрыпты.

45455

Бұл туралы kerek-info.kz хабарлайды.

Оның үстіне тал егілуге тиіс жерлерді бірқатар тұрғындардың көліктері бөгеп тастаған. Мұндай ерсі әрекетке шыдамаған Бедібек Сапарбаев көліктердің дабылғыштарын іске қосып, балконнан қарап тұрған тұрғындарға ұрысты.

“Бәріңіз бедірейіп қарап тұрасыздар! Мына ағаштардың барлығын кімге егіп жатыр? Сіздерге егіп жатыр ғой. Жап-жас жігіттер болып ұялмайды”, – деп облыс әкімі намысқа тиетін сөздер айтты.

Содан соң Бердібек Сапарбаев қасында болған тілшілерден сенбілікке шықпаған тұрғындар туралы жариялауды сұрады.

“Терезеден бақылап, адамдардың жұмыс істегеніне қарап тұр. Олар сенбілікке шығу керек! Осылар жайлы ертең газет пен теледидарда жариялансын. Қажет болса, нөмірлерін жазып алыңыздар. Адамдар тал егіп жатқанын көріп тұр. Сонда көлікті әрмен қарай қоюға болады ғой”, – деді ол.

Айта кетейік, Нұр Ақтөбе ауданында таяуда екі автокөлік тұрағы салынды. Алайда тұрғындар оған баруға ерінетін сияқты. Олар көлікті дәл терезелерінің алдына қоюды әдетке айналдырыпты. Ендігі ретте көлікті тиісті жерге қоймағандар айыппұлмен жазаланады.

Оқи отырыңыз:

Мәдениет министрі «төсекке сүйремек болды» деп тағы бір алматылық бойжеткен мәлімдеме жасады

Назарбаевтың кабинетіне жеке компьютерімен кірген бас прокурор көптің қызығушылығын тудырды

Жолақ колготки киіп келген Бірғаным Әйтімова депутаттарды таңқалдырды

Мұхамедиұлының даусын телефонға жазып алған тағы үш қыз министрдің былығын ашуға дайын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар