Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың кабинетіне жеке компьютерімен кірген бас прокурор көптің қызығушылығын тудырды

Суық тиіп біраз күн ауырып қалған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайтадан жұмысқа оралды. Құлан-таза айығып, қызметіне белсене кіріскен Елбасы бүгін Астана әкімі мен бас прокурорды шақыртып есеп алдыі, деп хабарлайды КТК.

20161014154420

Бір қызығы, бас прокурор Ақордаға жеке компьютерімен келіпт. Әдетте, президент күзеті мұндай техниканы алып кіруге рұқсат етпейтінін ескерсек, Жақып Асанов Елбасыға аса маңызды деректі жеткізгені анық.

Бірақ Ақорданың баспасөз қызметі бас прокурор Назарбаевқа «100 нақты қадам» жоспары, полиция мен соттың жұмысы және елдегі заңдылықтың орындалуы туралы есеп бергенін жазды. Осыдан соң президент кабинетіне Астана әкімі кірді.

Әсет Исекешов бас қаланың дамуы мен «ЭКСПО-ға» дайындық туралы айтты. Сызбасын жіті түсіндірген Исекешев Елбасыға халықаралық көрме кезінде Елорданың жаңбыр суына батпайтынын, тіпті кәріз суының қалдығы төгілетін Талдыкөлден енді жағымсыз иістің шықпайтынын айтып сендірді.

-Талдыкөлдің аумағы 15 миллионға қысқарды.

– Жаңбыр суын ағызатын арық та салынып жатыр.

-Енді суға батпаймыз ғой?

-Есілдің сол жағалауы әзірге. «Экспо» өтететін аумақ батпайды.

-Оң жағалау бойынша жоба қарастырылып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін сейсенбі, 11 қазан күні Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысына суық тиіп, ем қабылдап жатқаны туралы ақпарат таратқан еді.


Жіберіп алмаңыз:

Жолақ колготки киіп келген Бірғаным Әйтімова депутаттарды таңқалдырды

Мұхамедиұлының даусын телефонға жазып алған тағы үш қыз министрдің былығын ашуға дайын

Қазақстандағы ең қымбат және ең арзан аймақтар анықталды

Құрылыс компаниясының директоры қазақстандық үлескерлердің ақшасына Түркиядан қонақ үй алған

Талқылау