Мұхамедиұлының даусын телефонға жазып алған тағы үш қыз министрдің былығын ашуға дайын

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 12:35

Арыстанбек Мұхамедиұлының қырындау қылықтарына тағы үш қыз тап болған. Олар қазір адвокатпен келісім жасау процесін өткеруде деп хабарлады КТК.

кпкп

Телеарнаға сұхбат берген заңгер Гүлнар Жуаспаева сотта қыздардың тарапында болмақ.

Соңғы бірнеше күнде министрді қаралаушылар мен қолдаушылар екі тарапқа бөлініп алып, дауласып жатыр. Әсіресе ол ректор болған тұста білім алған студенттер әлеуметтік желіге қысқа роликтер салып, бұрынғы басшыларына қолдау білдіруде.

“Біз оқыған кезде ондай оқиғалар орын алмады. Керісінше, ректор барлығына қолдан келгенше көмектесіп, еңбексүйгіш, талантты, белсенді студенттерді қолдап отыратын”, – дейді студенттер.

Әйтседе қаралаушылардың саны артып, таразының екінші жағын басып барады. Осы әңгіме шыға салысымен өре түрегелген тағы екі-үш қыз бар екен.

“Бұл қыз бәрін дұрыс айтып отыр”, – дейді Еңлік Сыдықованы меңзеген тағы бір бұрынғы студент қыз, –  Менде Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдым. Ректор маған 3 күнге Астанаға бірге барып келу туралы ұсыныс жасаған. Дәлел ретінде тіпті оның дауысы жазылған жазба да бар. Айтпақшы, оның ұсынысына мансап үшін келісетін студенттер де көп болды. Ол кешкілік маған хабарласып, таңғы 9-да өзінің кабинетінде күтетінін айтты. Мен бірден әңгімемізді телефонға жазып алдым. Сосын ата-анама көрсеттім. Менде мұны бәріне айтқым келген. Бірақ, ол менің ата-анамның алдында кешірім сұрап, осыдан кейін бұл әңгімені қозғамадым”, – дейді тағы бір студент.

Аудио және бейне таспаларды дәлел ретінде қолданатын үш қыз қазір адвокатпен келісімге келу туралы жұмыс істеуде. Ал адвокат Гүлнар Жуаспаева мәселенің ақ-қарасын ашу үшін “шындық детекторы” дейтін құрылғыны қолдануға да кет әрі емес. Өйткені, айыпталушы қанша дегенмен министр болғандықтан сот соның пайдасына шешіле ме деп қорқады.

Сотқа дейін бұл тақырыпта журналистермен сөйлесуге құлық танытпаған министрдің өзі бұл шағымды жала деп мәлімдеген еді. “Төсекке сүйреді” деп айыптаған студентімен сотта кездеспек.

Оқи отырыңыз:

Ерасыл Әубәкіровтың ісінде Аян Мейірбаев неліктен бас күдіктіден жәбірленушіге айналды

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы туралы айтып берді

Қарағандыда 7 жыл бойы жасырынып жүрген шенеунікті соттап және амнистия жариялады

Министр Қуандық Бишімбаев отырыстардың бірінде саксофонда ойнап елді таң қалдырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Барон
1 ай 19 күні кері

Мәссаған! Министр атшулы Жұбанов интернатының түлегі екен…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар