Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева әкесінің денсаулығы туралы айтып берді

ҚР парламент сенатының депутаты, мемлекет басшысының қызы Дариға Назарбаева әкесінің денсаулық жағдайы туралы айтты.

005211

Бұл туралы Sputniknews хабарлайды.

“Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін әлдеқайда жақсы сезінуде” деп айтты мемлекет басшысының қызы Дариға Нұрсұлтанқызы. Бұл ақпаратты сенатор бүгін өткен сенаттың пленарлық отырысы барысында жария етті.

Бұған дейін сейсенбі, 11 қазан күні Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысына суық тиіп, ем қабылдап жатқаны туралы ақпарат таратқан еді. Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібаевтың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы алаңдаушылық тудырмайды. Аптаның аяғына дейін президенттің халықаралық жиындарға қатысуы жоспарланып отырған жоқ екен.

Оқи отырыңыз:

Мәдениет министрі өзін “төсекке сүйреді” деп айыптаған студентімен сотта кездесетін болды

Қарағандыда 7 жыл бойы жасырынып жүрген шенеунікті соттап және амнистия жариялады

Шымкент әкімі “Бәке, Сәке” деп түрлі өтініш айтып көмек сұрайтындардан шаршағанын айтты

Екі министр үкімет басшысынан сөз естіді

Талқылау