Екі министр үкімет басшысынан сөз естіді

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 18:32

Бүгін үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларына салғырт қараған екі министр – Бақыт Сұлтанов пен Қуандық Бишімбаевты сынға алды.

заседание1010

Фото: pm.kz

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«9 қыркүйекте мемлекет басшысы министрліктер мен әкімдіктерге бағынышты барлық ұйымдарға түгендеу жүргізуді тапсырды. Кеше мен қаржы және ұлттық экономика министрлерімен сөйлестім. Олардың бұл мәселеге кіріспегендіктеріне таң қалдым. Жыл соңына дейін зерделеу бойынша жұмыс тобын құру жоспарларында бар екен. Бір ай өтті. Сіздер тіпті кіріспегенсіздер де. Ертең сұрау болады, сонда біз не деп жауап береміз? Сондықтан, мен қаржы және ұлттық экономика министрлерінің мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастырғанын атап өтемін. Бұл жұмыстарда өздеріңіздің әдістеріңізді өзгертулеріңіз қажет», – деді Сағынтаев.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР президенті министрліктер мен ведомстволардың ведомствоға бағынысты ұйымдарын бәсекелік ортаға беру немесе жергілікті деңгейге бейімдеу мақсатымен оларды қайта мүлікті түгендеу өткізу қажеттігін атап өткен болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Синоптиктер алдағы 3 күнде Қазақстанда күн күрт суытады деп болжайды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар