Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

Алматыда қыз бен жігітіттің қатынасы жүз турасында сөз болған соң үзілген. Бұл туралы блогер Yvision.kz платформасында жазды.

e62929e2cd62649f6970e10b6ffa1acc

“Бойжеткен мен Ұлы жүз руынан шықпаған соң менімен кездесуін тоқтатты. Өзі бастап менімен танысқан еді. Алайда маған біраз сұрақ қойып,  руым Ұлы жүз емес екенін білген соң танысудан бас тартты. Осылайша қатынас үзілді”, – дейді алматылық блогер.

Ол бүгінде астрологиялық, психологиялық, әлеуметтік, қаржылық, сексуалды, білімділік артықшылықтармен бірге енді жүздік теңдіктің пайда болғанын алға тартты.

“Ата-анасы руы сәйкес болмаған соң қосылуына қарсы болған қыз бен жігітті де танитын едім”, – дейді блогер.

Ол Германияда оқып жатқанын, Шыңғыс ханның ұрпағымыз деп мақтанатын отандастарымен араласпайтынын айтады.

“Германияда оқитын қаза жігіті Шыңғыс хан жайлы курстық жұмыс жазып, өзінің Шыңғыс ханның туған ұрпағы екенін айтып дәлелдеуге тырысты”, – дейді студент.

Оның айтуынша, елдің жағдайы нашар болған сайын, олар осындай маңызсыз мәселелерге көңіл бөлгіш келеді.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы бірдей көз жұмды

Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Дәрігерлер америкалықтың асқазанынан 15 см шаш тұтамын алып шықты

Талқылау