Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 12:30

Арқалық қаласында екі бірдей сәбидің өмірін қиған өрт оқиғасының себебі белгілі болды.

20161010083039

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, өрттің шығуына токқа қосулы тұрған су қайнатқыш себеп болған.

“Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі ММ-нің сынақ өрт зертханасының қорытындысына сәйкес, өрттің техникалық себебі токқа қосулы қалған су қайнатқыштың қатты қызуы салдарынан, тұрмыстық заттарға жылу энергиясының тарауы болған.

Дегенмен, балалардың өліміне себеп болып отырған басты нәрсе олардың үйде қараусыз қалуы. Ата-аналарға күнделікті алдын алу жұмыстарын өткізіп, балаларға өрт кезінде әрекет ету ережелерін үйрету қажеттігін тағы бір еске салғым келеді”, – деп атап өтті Руслан Иманқұлов.

Еске сала кетсек, 8 қазан күні сағат 16:15 шамасында қаладағы Маясов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің бесіні қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққан. 2-3 минут өтер-өтпестен құтқарушылар жеткен кезде төсек-орын жабдықтары жанып жатқан.

Өрт сөндірушілер түтін басқан пәтерден 2011 және 2012 жылдары туған екі баланы алып шығып, жедел-жәрдем қызметі бригадасына тапсырды. Дегенмен, балалар ауруханаға барар жолда көз жұмды.

Тұрғын үйден 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 2008 жылы туған жеткіншек автосатының көмегімен құтқарылды. Тілсіз жау сағат 16:40-та ауыздықталды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар