Жақсыбеков «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының жаңа әкімдерін таныстырды

Сейсенбі, 24 Қараша , 2015 14:40

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының әкім аппараттарына жаңа әкімдерді таныстырды.

Фото: astana.gov.kz/

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының жаңа әкімдері қызметіне ұсынылған Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев пен Павел Сергеевич Кулагиннің кандидатураларын бірауыздан қолдады.

Әділбек Жақсыбеков екі әкім де еңбек жолында өздерін жақсы жағынан көрсете білген, түрлі лауазымдарды атқаруда тәжірибелері мол екендігін айтты.

Бөлекпаев бұған дейін Сарыарқа ауданының әкімі қызметін, оған дейін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік жүйесінде, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Агенттіктің аумақтық басқармаларында басшы, Астана қаласы Тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Кулагин бұған дейін Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, «Алматы» ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Ә. Жақсыбеков сондай-ақ, аудандық әкімдіктер ұжымдарына алдағы кезеңге міндеттерді белгілеп берді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар