Назарбаев: Кезінде елорданы ауыстыру – бомбаның жарылуымен тең болды (видео)

Бейсенбі, 20 Қазан , 2016 14:06

Осыдан 19 жыл бұрын Астана елорда атанды. Ақорда баспасөз қызметінің Фейсбуктегі ресми парақшасында осы оқиғаға қатысты видео жарияланды.

«Тура 19 жыл бұрын, 1997 жылы 20 қазанда Мемлекет басшысы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлық шығарды.  Осы датаға орай сіздердің назарларыңызға «Президенттің уақыт және өзі туралы ойлары»  деректі фильмінен (2011 жылы ҚР Президентінің телерадиокешені түсірген) үзінді ұсынамыз. Мұнда  Нұрсұлтан Назарбаев елорданы көшірудің себептері туралы айтады», делінген жазбада.

«1994 жылы парламентте елорданы ауыстыру туралы мәлімдеу бомбаның жарылуымен тең болды. Маған бәрі таңырқай қарап, зейнатқаы төленбей, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы төленбей жатқанда елорданы ауыстыру, оған миллиардтаған шығын кетіруді айтып тұр ма дегендей таң қалысып еді», – еске алады президент.

«Жас мемлекетте қиыншылық көп болды. Сондықтан біріншіден, перспектива қалыптастырып, үлкен тапсырмаларды орындау үшін, елдің мүмкіндігін таныту керек болды. Екіншіден, елорда мемлекеттің орталығында болуы керек. Үшіншіден, экономиканы дамыту керек болды. Мұнда білім ошағын, мәдениетті қалыптастыру, жаңа технология мен жаңа элита құру қажеттілігі тұрды. Бұл өте маңызды. Адамдардың психологиясын өзгерту керек қой. Төртіншіден, елдің стратегиялық мүмкіндігін ашу. Бұл ең маңызды себебі», – дейді президент.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаевтың немерелері олардың көңілін көтермек болған аниматор қызды таң қалдырды

Қазақстанда тағы бір мерекелік күн пайда болуы мүмкін

Анасы қайын атасымен төсек қатынасына түскенін көріп қойған ұлын өлтірді

Америкалық оқушы кедей отбасыдан шыққан досын құпия тамақтандырып жүрген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар