Назарбаевтың немерелері олардың көңілін көтермек болған аниматор қызды таң қалдырды
Қырғыз жүргізушісі әрі балалар шоуының актрисасы Ирина Лесакова ең сүйікті клиенті Нұрсұлтан Назарбаев екенін айтты.

Фото: “Алиса” балалар шоуынан
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Қазақстан президенті Ыстықкөлді ұнататын болып шықты. Былтыр елбасы сонда демалысқа барып, немерелері үшін аниматорлар іздеген.
«Назарбаевтың немерелері өте мәдениетті. Олармен тез тіл табысуға болады», – дейді Ирина.
«Өзге толыққанды отбасының балалары бізге қызметшілер ретінде қарайды. Олар «Ей, сайқымазақар, бізді күлдіріңдер!» деп бұйрық беріп отырады», – дейді бойжеткен.
Қазақстан президентінің 9 немересі бар. Олар: Нұрәли (1985), Алтай (1990), Айсұлтан (1990), Алдияр (2016), Венера (2000), Дениза (2004), Алиша (2010),Тиара (2007) және Алсара (2011).
Жіберіп алмаңыз:
Қытайдан қыздардың төсін ұстап болашағын болжайтын көріпкел шықты (видео)
Жүздеген балет бишісі әлем алдында тыр жалаңаш суретке түсті (фото, видео)
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?