Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгиядан ұтылған Венгрия футболшылары жанкүйерлерімен қоштасты

Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық ойындары аясында Бельгия және Венгрия құрамалары кездесті. Санаулы сәттер бұрын аяқталған ойында бельгиялықтар 4:0 есебімен басым түсті.

large

Сурет: www.sport-express.ru 

 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Ойын  Тулуз қаласындағы “Стадиум де Тулуз” стадионында өтті.

Кездесудің 9-шы минутында Тоби Алдервейрелд есеп ашты. Екінші таймның 76-шы минутында ЭденаАзардан тамаша пас алған Миши Батшуайи есепті  еселеді – 2:0.

Сәлден кейін Азар өзі де үшінші голдың авторы атанды. 90-шы минутта Янник Ферейра Карраско жауапсыз 4-ші голды салды.

Бұған дейін плей-офф кезеңіне Португалия, Уэльс, Польша, Франция және Германия құрамалары жолдама алған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Футболдан Португалия құрамасы Хорватияны санаулы соңғы минуттар қалғанда ұтып кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Исландия комментаторы топтың жеңісіне ерекше қуанып, эфирде шыңғырды (видео)

Талқылау