Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі қазақ актеріне үнді фильмінен рөл ұсынылды

Ақтөбе қаласына арнайы «Ревизор» қойылымын сахналауға келердің алдында Болат Әбділманов бұдан Болливудқа шақырту түскенін айтты.

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

Арнайы комедиялық бағыттағы «Ревизор» қойылымынан ұсыныс түскен сәтте тарихи үнді фильміне де шақырту алған. Бірақ, белгілі кино және театр әртісі Болат Әбділманов Ақтөбедегі сахналайтын рөлін таңдағанын жеткізді.

«Театр басшысы Нұрхан (театр директоры — ред.) мырза маған алғашқы жобам деп ұсыныс жасады. Сол сәтте маған Болливудтан да шақырту келген болатын. Тарихи үнді фильмінде басты рөлді ойнайды екенмін. Шыны керек, таңдаудың ортасында қалдым. Бірақ, уәдені Нұрханға беріп қойғаннан кейін Болливуд жасаған ұсыныстан бас тарттым. Жүрексініп келгенім рас. Театрдың актерлері шебер, шабыт береді», — дейді Болат Әбділманов.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісова: Мерей маған тұрмысқа шығуға рұқсат берді

Димаш Құдайберген екінші мәрте Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Асхат Садырбай бұрынғы енесін туған күнімен құттықтап жұртты сүйсіндірді

Ерке Есмахан көйлектерін сатып, мұқтаж жандарға көмектеспекші

Талқылау