BBC тележүргізушісі эфирге іш киіммен шықты (Видео)

Жексенбі, 14 Тамыз , 2016 16:39

Футболдан Англия құрамасының экс-ойыншысы, бүгінде BBC арнасының тележүргізушісі Гари Линекер Match Of The Day (“Матч дня”) бағдарламасының эфиріне іш киіммен шықты. Ол мұндай қадамға чемпион болған “Лестер” командасы үшін барған.

photo_192333
Бұл туралы Life хабарлады.

2015 жылдың желтоқсанында Лестер тумасы Гари Линекер «Лестер» командасы Англия чемпионы атанған жағдайда  BBC арнасына іш киіммен шығып, шоу жасайтынын айтқан. 2 мамыр күні “Челси” және “Тоттенхэм” командалары тең түскен соң, “Лестер” тарихта бірінші рет Англия премьер-лигасының чемпионы атанды. Клуб фанаттары Гари Линекерге оның уәдесін еске салды. Ал тележүргізуші өз сөздерінен бас тартқан жоқ.

Студия қонақтары мен көрермендердің алдына Линекер Англия премьер-лигасының қазіргі чемпиондарының логотипі бейнеленген ақ түсті іш киіммен шықты. Айтпақшы, бұған дейін букмекерлік кеңселерде оның іш киімінің түсіне тігістер қойылған болатын. Команда киімі көк түсті болғандықтан, көпшілік тележүргізушінің іш киімі де көк түсті болады деп болжамдаған.

Жіберіп алмаңыз: 

Голландия спортшысы тұлпарын құтқару үшін Олимпиада ойындарынан бас тартты (Фото)

Шетелдік БАҚ: Баландиннің жеңісі “манкини” туралы аңыздарды жойды

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Риода ерекше ойын көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар