Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

BBC телеарнасына үйде отырып сұхбат берген профессор күллі әлемге күлкі болды (фото, видео)

10 наурыз күні BBC каналының жүргізушісі бейнебайланыс арқылы Пусан университетінің профессоры Роберт Келлиге хабарласып, Оңтүстік Корея президентінің қызметінен кетуіне байланысты пікір білдіруін сұрайды.

455

Аталмыш пікір білдірген видео шыға салысымен, ә дегеннен желіні жарған роликке айналып шыға келді. Мәселе, профессордың сұхбатында емес, мәселе артқы фонда есігі ашық қалған бөлме, оның әйелі мен балаларында болып тұр. Екі күннің ішінде видео миллионнан астам қаралым жинаған.

1156

Басында бәрі ойдағыдай болады: саясаттану ғылымдарының профессоры классикалық үлгіде киінген, фонда әлем картасы мен кітаптар тұрады.

365

Сосын кадрға оның балаларының бірі кіріп кетеді.

2100

Ал сосын екіншісі.

Профессор барынша күлкісін тыйып, тыңдаушылардан бірнеше мәрте кешірім де сұрады.

455

Көп ұзамай бөлмеге Келлидің әйелі асқан жылдамдықпен кіріп келіп, балаларды сүйрелеп алып кетеді. Балаларды шығарған соң өзі етпеттеп жатып есікті жабады.

Сол күні BBC жүргізушісі твиттер арқылы Келлиден оның қатысуымен болған видеоны интернетке салуға рұқсат сұрайды. Профессор: “Мұны қайтадан BBC TV-да жариялайсыздар ма әлде твиттерде ме? Бұл бірден таралып кететін болады ғой?” дейді. Және оның айтқаны дұрыс болып шықты: Тек BBC фейсбугінің өзінде ролик үш күннің ішінде 80 миллион қаралым жинайды.

Видеоның бас кейіпкері жағдайға байланысты түсініктеме бермегендіктен, Daily Mail журналистері оның 72 жастағы анасымен байланысқа шыққан. Эллен Келли бұл жағдайға өзінің де қатысы бар деп санайды екен. Айтуынша, ол күйеуімен бірге Огайо штатында тұрады және Skype арқылы ұлымен жиі сөйлеседі. “Сірә, балалар бөлмеден шығып жатқан дауысты естіп біз екен деп ойлап қалған болулары керек” дейді анасы.

016

Әйелдің айтуынша, оның 44 жастағы ұлы Оңтүстік Корея бойынша сарапшы және бұл күнге дейін CNN, CNBC, ITN және Sky News сынды әлемдік телеарналарға сұхбат беріп келе жатқан тәжірибелі маман.

Роберт Келли Пусан ұлттық университетінде саясаттанудан сабақ беру үшін 2008 жылы келген. Мұнда келген соң өзінің болашақ жары Юнг а Киммен танысады. Ол йогадан сабақ береді.

023

Роберт пен Юнг а-ның екі баласы бар – төрт жасар Марион және екі айлық Джеймс.

Оның сұхбат бергелі отырған сәттегі видеосының скрин-көшірмелері жасалып, әзіл суреттерге де айналып үлгерді.

1036

“Үйден жұмыс істемек болған кезде”, “Балам, қазір емес, сенің әкең – профессор” деген сынды тақырыпшалармен әлеуметтік желілерді кезіп жүр.

Оқи отырыңыз:

Күйеужігіт беташарда қалыңдығына елбасыға сәлем салғызды (видео)

Домбыраларын ауыстырып ұстап тұрып күй тартқан үш бала елді таңғалдырды (видео)

Жол сақшысы мың бұралып билеп тұрып көлік қозғалысын реттеді (видео)

Алматыда сарбаз ант қабылдау рәсімі кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото. видео)

Талқылау