Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байлар бәсекесі: Үйлену тойындағы тағы бір қымбат торт жұртты таңғалдырды (видео)

Жыл басында Шымкентте өткен тойға әкелінген қымбат торт жұрттың қызу талқысына түскен еді. Ендігі байлар бәсекесі қыза түсіп, бағасы қымбат әрі ерекше тортты тойдың сәні ету сәнге айналып бара жатқан сыңайлы, деп хабарлайды Stan.kz.

Байлар бәсекесі: Үйлену тойындағы тағы бір қымбат торт жұртты таңғалдырды (видео)

Желіде үйлену тойына әкелінген қымбат торттың видеосы тарап кетті. Зәулім сарай бейнесінде дайындалған торт бағасын кез-келгеннің қалтасы көтермейтіні анық.

Мұндай тортты дайындаған ресейлік әйгілі кондитер Ренат Агзамов болуы мүмкін. Ол жыл басында Шымкентте өткен тойлардың біріне арнап ерекше тортын әзірлеген еді.

Ал бұл жолғы торт та жұрттың назарынан тыс қалмады. Той  Әзірбайжанның Баку қаласындағы «Ақ сарай» мейрамханасында өткен болып шықты.

 

Дорогой свадебный торт😍 🎂

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video)

Өз кезегінде желі қолданушылары тойды бәсекеге айналдырып, қымбат торт алдырған той иелерін сынап тастады.  «Байлардың арасында эстафета болып кетті», «Бұл тортпен бүкіл қала тұрғындарын тойдыруға болады ғой», «Адамдар қарапайым болуды қашан үйренеді? Бәрі мақтан үшін. Кім бай екенін көрсету үшін», – деп сынады желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Зейнеткер үйінің жуынатын бөлмесінен тыр жалаңаш ұрыны ұстап алды

Канадада 14 бірдей хоккейші көлік апатынан көз жұмды

Жапонияда ер адам өз ұлын 20 жыл бойы торда қамап ұстаған

Қытайдағы сауда орталығы бойжеткендерге жігіттерді жалға бере бастады

Талқылау