Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте өткен тойдағы құны 59 миллион теңгелік торт қазақстандықтарды таңдандырды (фото, видео)

Шымкентте өткен той үшін арнайы тапсырыспен жасалған құны 179 мың доллар тұратын торт қазақстандықтарды таңдандырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сурет: Жан Мұқанов/Тelegram

Ерекше торттың суреті мен видеосы желіде тарап кетті. тортты ресейлік танымал кондитер Ренат Агзамов дайындаған.

Кондитердің сөзінше, торттың диаметрі 3 метр, биіктігі 4,2 метрді құрайды екен. Ал ерекше торттың салмағы шамамен 1 500 килограммға жетеді. Мұндай тортты дайындау үшін кондитердің командасы 3 тәулік уақытын жұмсаған екен.

Ал музыкалық продюсер Жан Мұқанов Тelegram желісіндегі арнасында бұл торттың Шымкентте өткен той үшін арнайы әзірленгенін жазды.

«Кеше Шымкенттің Rixos қонақүйінде тамаша үйлену тойы өтті. Көптеген жұлдыздар болды. Олардың ішінде Валерия мен Шон да бар. Бірақ қазір қонақтарды жұлдыздармен таңдандыра алмайсың. Кештің басты хиті боксшы мен торт болды. Айтпашқы, тортты танымал кондитер Ренат Агзамов жасаған. Ал тойға келген боксшы – біздің аңызымыз Генадий Головкин. Жастарға шын жүректен бақыт тілеймін!» – деп жазды Жан Мұқанов.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әйгілі боксшы Геннадий Головкиннің Шымкентте өткен тойға арнайы қонақ болып келгені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Геннадий Головкин Шымкентте дүркіреп өткен тойға арнайы қонақ болып келді

Талқылау