Канадада 14 бірдей хоккейші көлік апатынан көз жұмды

Канадада «Гумбольдт Бронкос» жастар командасы «Нипавин Хоукс» командасына қарсы ойын көрсетуге бара жатып, автобус Саскачеван провинциясындағы Тисдейлден 30 шақырым жерде жүк көлігімен соқтығысып қалған.

Канадада 14 бірдей хоккейші көлік апатынан көз жұмды

Бұл туралы ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жергілікті полиция апаттан 14 адамның көз жұмғанын растады. Қаза болғандардың жасы 16-21 арасында.  Автобус жүргізушісі де апат салдарынан қаза болыпты.

Сонымен қатар тағы 14 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Канаданың Корольдік атты полициясының мәліметінше, апат кезінде автобуста 28 адам болған.

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо апаттан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Полиция инспекторы Тед Мунро құтқару операциясы жалғасып жатқанын мәлімдеді. Нипавин қалашығындағы шіркеуде зардап шеккендердің отбасына арналған орталық ұйымдастырылды.

Ал хоккейшілердің бірінің әкесі Майлз Шумлански ұлы өзіне хабарласқаннан кейін, оқиға орнына келген.

«Бұл сұмдық апат болды. Автобусты көтергіш кран алып шықты», – дейді ол жергілікті Saskatoon Star Phoenix газетіне берген сұхбатында.

«Гумбольдт Бронкос» хоккей клубының президенті Кевин Геринджер мәлімдеме жасап, «ойы мен дұғаларын» спортшылардың отбасы мен команда мүшелеріне арнады.

«Біздің «Бронкос» отбасымыз өзіне келе алмай отыр. Бұл жағдайдан кейін өзімізге келу қиын болып тұр», – делінеді клубтың ресми сайтында.

Сонымен қатар апатқа қатысты пікір білдірген «Нипавин Хоукс» клубының президенті Даррен Опп болған оқиғаны «сұмдық апатқа» теңеді.

«Анасы, әкесі және ағалары өз балаларының, бауырларының аман қалғаны туралы ақпаратты күтіп отыр», – дейді Опп Globe and Mail-ге берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз:

Жапонияда ер адам өз ұлын 20 жыл бойы торда қамап ұстаған

Қытайдағы сауда орталығы бойжеткендерге жігіттерді жалға бере бастады

Ирландияда өлім жазасына кесілген ер адамға бір жарым ғасырдан кейін кешірім берілді

Ер адам AliExpress-тен сатып алған көзілдірігі үшін қылмыстық істің фигурантына айналды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар