Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам AliExpress-тен сатып алған көзілдірігі үшін қылмыстық істің фигурантына айналды

 

Ресейде Вологоград тұрғыны  AliExpress-тен камерасы бар  көзілдірік сатып алған. Мұнан кейін көзілдірігін сатпақ болған ер адам жедел қызметкерлермен ұсталды.

Ер адам AliExpress-тен сатып алған көзілдірігі үшін қылмыстық істің фигурантына айналды

Сурет: Ochkov.Net

Бұл туралы Ресей ТК сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 жылдың тамыз айында ер адам интернет арқылы күннен корғайтын көзілдірік сатып алған. Көзілдірікке камера орнатылған екен. Ер адам мұндай көзілдірікті не себепті сатып алғаны хабарланбайды. Алайда артынша ол көзілдірікті 2 мың рубльге (11 мың теңгеден аса) сатпақ болыпты.

Ал биылғы жылдың 1 наурызында ер адам темір жол вокзалында сатып алушымен кездескен. Сатып алушы құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан «сатып алуды бақылау» қатысушысы болып шыққан.

Ер адам ұсталып, тергеуге алынды. Ол арнайы құралдарды заңсыз айналымға шығарғаны үшін қылмыстық істің фигурантына айналды.

Оқи отырыңыз:

Түркияда қазақстандық қыздардың құжаттарын тартып алып, секс-құлдыққа сатып келген

Мұсылман әйелдер төстартқыш үшін әйгілі дүкенде ойран салды (видео)

Үндістанда сыйлық алғанына қуанған ер адам сахнада билеп тұрған жерінде қайтыс болып кетті (видео)

Қасқыр адамның досы: Жыртқышпен 12 жыл өмір сүрген азамат 50 жыл бойы адамдарға үйрене алмаған

Талқылау