Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байқоңырдан ұшқан ғарышкерлер космосқа уылдырық ала кетті

Байқоңырдан кезекті зымыран ұшырылды. «Союз ТМА» ғарыш кемесінің жетілдірілген түрі бортындағы үш ғарышкермен аман-есен көкке көтерілді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ece87185957c166299e57a762e45ceac__1440x

“Союз МС” – Союз кемелерінің ең соңғы үлгісі. Космосқа адам жеткізуші әзірге жалғыз көлік құралы нағыз заманауи құрылғылармен жабдықталыпты. Яғни, күн көзінен бірнеше есе артық қуат алып, Халықаралық ғарыш стансасына да өздігімен қосыла алады.

Бұл жолы ғарышқа- ресейлік космонавт Анатолий Иванишин, жапондық астронавт Такуя Ониши мен америкалық Кэтлин Рубинс аттанды. Экипаж мүшелерінен бөлек, космосқа азық-түлік жөнелтілді. Ішінде ғарышкерлер сүйсініп жейтін жеміс-жидек пен бекіре уылдырығы және ащы тұздық бар. Байқоңырдан аттанғандар осы сенбіде-ақ станцияға қонатын болады.

Талқылау