Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

2016 жылдың 10 маусымында орын алған трагедиядан кейін Баян Мақсатқызының жеке өмірі ел аузынан түскен емес. Халық оны бірде даттады, енді бірде жақтады. Ал Есентаеваға тілеулес жандар оның әрі қарай бақытты ғұмыр кешуін тіледі, деп хабарлайды Stan.kz.

Дәл осы үшінші топтың тілегі қабыл болған ұқсайды. Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді.

“Менің қарапайым адам, әйел, ана, қыз, әпке немесе құрбы екенімді БАҚ құралдары ұмытып кеткен. Мен олар үшін талқыға түсетін, көп қаралатын “Хайп” есебіндемін. Менің бар болғаным қандай жақсы, ендеше міне сіздерге жаңалық! Мен тұрмысқа шығамын!” – деп мәлімдеді атышулы продюсер.

Еске сала кетейік, экс-күйеуінің соққысына жығылған соң Баян Мақсатқызының оңалуына біраз уақыт кетті. Продюсер бір жылдан бері өзінің жаңа сүйіктісі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовпен бір шаңырақтың астында тұрып жатыр. Алайда Алагөзовтің экс-жары ажырасуға келісім бермегендіктен, елді шулатқан ғашықтар бұған дейін отбасын құра алмаған еді. Ал жуырда Тұрсынғали Алагөзовтің Ляйсира Алагөзовамен заң жүзінде ажырасқаны белгілі болды.

Жіберіп алмаңыз:

Қысқа етекті ақшақар: Мәдина Сәдуақасова тағы да сынның астында қалды (фото, видео) 

Баян Есентаеваға Iphone-8 телефонын сыйлаған Бүркіт сынға ұшырады

Жұлдыз Өмірғали желіге сәбидің бесігін не себепті салғанын ашық айтты

Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым

 

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр