Жұлдыз Өмірғали желіге сәбидің бесігін не себепті салғанын ашық айтты

Сәрсенбі, 29 Қараша , 2017 13:02

2017 жылдың басында ғаламтор қолданушылары КешYou-дің экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалидің ақ босаға аттағанын қызу талқыға салған-ды. Көп ұзамай БАҚ беттерінде Жұлдыздың әнші Айқынға ұл сыйлағаны жөнінде ақпарат пайда болды. Ал жуырда инста-парақшасына сәби бесігінің суретін салған Жұлдыз елден жасырып келген құпиясын растағандай еді. Көпшілікті мазалаған сұраққа Жұлдыздың өзі жауап берді.

Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Растай түскенде, мен ол бесікті әпкеме арнап алсам ше? Мен туған-туыстарымды сала алмаймын ғой, оларды ашық түрде құттықтамай, сыйлық жасаймын. Ол менің растағаным емес”, – деп ақталды Өмірғали.

Бұдан өзге, Жұлдыз бұрынғы топтастарымен және продюсерімен қазіргі ара-қатынасы туралы сөз етті.

“Шыны керек, біраз уақыт болды араласпай кеттік. Топ директоры Назым Басқынбаевамен араласамын, ал қыздармен өкінішке орай, байланыс үзілді десе де болады. Ақбота пысық қыз, бір орында отырмайды. Қыздарға, құрбыларына көңіл бөлуге оның да уақыты жоқ шығар. Қазір араласпаймыз. Ал Баян Мақсатқызымен соңғы рет жазда кездестім”, – деп мәлімдеді Жұлдыз.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова: Келінімді үйде қалдырып, өзім бөлек шығып кеттім

Лидия Каденованың экс-келіні фильмге түскен соң жеке өмірінде өзгеріс болғанын мойындады

Қайрат Нұртастың әкесі үшінші бейнебаянын жарыққа шығарды (видео)

Халықты алдамақшы болған Абай Бегейдің өтірігі ашылып, ұятқа қалды (фото,фидео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар