Лидия Каденованың экс-келіні фильмге түскен соң жеке өмірінде өзгеріс болғанын мойындады

Сәрсенбі, 29 Қараша , 2017 12:09

Жуырда әнші Бүркіттің дебьюттық «Логово» картинасы жарық көрмек. Фильмде тұңғыш рет актриса ретінде бағын сынаған бьюти-блогер Aeka Posh, түсірілімде біраз қиындықтарды еңсеріпті. Ал, алғашқы киносынан кейін, Айымның жеке өмірінде елеулі өзгерістер де бар екен.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Тәжірибесінің жоқтығына қарамастан, бьюти блогерге негізгі рөлдердің бірі бұйырған. Айымның өзі, келісті келбетім Бүркітке ұнап қалғандықтан мені таңдаған болуы керек деп топшылайды.

“Бұрыннан бері, менің инстаграмымды оқиды екен негізі. Сонымен, түр жағымнан ұнатқан-ау… Қазақстанда бір актрисаларды түсіре береді, бір актрисаларды көре береміз. Ол жаңа актерларды, жаңа актрисаларды түсіргісі келген”, – дейді Айым Алтынбекова.

Түсірілім алаңында алғаш рет бағын сынаған жас актриса, қиындықтардың болғанын жасырмайды.

“Енді, Бурабайды білесіздер ғой, салқын, күннің суығында купальникпен шомылып, іш киіммен жүгірген кездер де болды”, – дейді Айым.

Фильмнің түсірілімінен соң, Айым инста-парақшасынан күйеуінің суреттерін мүлде өшіріп тастайды. Фолловерлері Айымның бұл әрекетін жарымен ажырасты деп топшылаған. Айымның өзі бұл жайында жақ ашуға құлықсыз.

 “Мен жеке өмірім жайлы айтқым келмейді, ол туралы қозғамай-ақ қойсақ болады”, – дейді Айым.

Жеке өмірін жасырғанымен, Айым киногерлер тарапынан түрлі ұсыныстар түсіп жатқанын ашып айтты.

“Ақан Сатаевтың «Бизнесмены», «Томирис», «Инстгарамщица» деген секілді, “Қазақфильм” түсіріп жатқан киноларға шақырту алдым. Кейбірінен өзім бас тарттым, өйткені мына жерде басты рөл бергеннен кейін, эпизодқа түскім келмейді”, – дейді Алтынбекова.

Негізгі рөлді ұсынса, бас тартпаймын деген Айым, бұдан былай актерлік мансабына мықтап кіріспек.

Жіберіп алмаңыз:

Қаржы пирамидасына алданып қалған Бүркіт халықты сақ болуға шақырды

Анамның орнын әкем басты: Ділназ Ахмадиева әкесінің қамқорлығы жайлы айтып, көз жасын көлдетті (видео)

Әкесі Димаштың көпшілік біле бермейтін өнері жайлы айтты

Бауыржан Есебаев аты шыққан соң менсінбей кеткен әншілер жайлы шындықты айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар