Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқа етекті ақшақар: Мәдина Сәдуақасова тағы да сынның астында қалды (фото, видео)

Ақ ұлпаға оранған қыс мезгіліне де небәрі бірнеше күн қалды. Қаладағы сауда орталықтары мен қоғамдық орындардан Жаңа жылға дайындықтың басталып кеткенін аңғару қиын емес. Жылдың ең басты мерекесіне танымал өнер иелері де дайындықты бастап кеткен, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Instagram желісін аша қалсаңыз, отандық әртістердің жаппай Жаңа жылдық түсірілімдерде жүргенін көресіз. Алайда Тәуелсіздік күні тойланбай жатып, Жаңа жылға көңіл бөлгендер халықтың қатаң сынына ұшырауда.

Мәселен, Мәдина Сәдуақасова отандық бағдарламалардың бірінде ақшақардың рөлін сомдаймын деп дауға қалды.

“Жаңа жылдық түсірілімдер басталды! Жаңа жылда түрлі образдарға айналып кететінің бар. “Тамаша city”- дың жаңа жылдық қойылымында Ресейден келген ақшақар болып, рөлге кіріп ойнап тұрсам, сөйтсем, ол розыгрыш екен”, – деп бөлісті әнші инстаграмда.

Желідегілерге Сәдуақасованың қысқа етекті көйлегі ұнамай қалды. Көпшілік Мәдинаға жағымсыз пікірлерін білдіріп, сынға алған.

“Қысқа көйлек жараспайды, кимеңізші”, – деп дабыл қақты оқырмандардың бір тобы.

“Тәуелсіздік мерекесін неге дәл осылай ұлықтамайсыздар?” – деп сынға алды екіншілері.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваға Iphone-8 телефонын сыйлаған Бүркіт сынға ұшырады

Жұлдыз Өмірғали желіге сәбидің бесігін не себепті салғанын ашық айтты

Лидия Каденованың экс-келіні фильмге түскен соң жеке өмірінде өзгеріс болғанын мойындады

Халықты алдамақшы болған Абай Бегейдің өтірігі ашылып, ұятқа қалды (фото,фидео)

 

Талқылау