Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” кинокартинасын таспаламақ (видео)

Басынан өткен қайғылы жағдайдан кейін кинодан қол үзген Баян Мақсатқызы енді шығармашылыққа білек-сабана кіріспек. Ол жақын арада “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясын халыққа ұсынбақ.

максаткызы_15 2806

Бұл туралы продюсер желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тарихи драманы таспалауды Мақсатқызына “Қазақстан” РТРК АҚ тапсырған екен. Есте болса, жуырда ғана аталған арна басшылығына продюсердің жақын құрбысы Динара Сәтжан келген болатын.

Алдағы аптада кинокартинада бой көрсететін актерлер тізімі толық жасақталады, деп хабарлайды “Ревю” бағдарламасы.

“Қазір үлкен жұмысты бастап жатырмыз, яғни телехикая түсіреміз. Одан кейін толық метрлі кино таспалаймыз. Ол музыкалық картина болмақ. Біздің компания 4 жылдан бері толық метражды кино түсірген жоқ. “Осторожно, корова” фильмі 2013 жылы шыққан болатын”, – деді продюсер.

Ұзынқұлаққа сүйенсек, мюзиклда “КешYou” тобының бір солисі бой көрсетуі мүмкін. Ал тарихи драмада “Алау” тобының серісі актерлік қырынан танылмақ.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Америкалық және француздық композиторлар Димашқа ән жазып жатыр

Димаш Астанада болып жатқан жанды дауыстағы концертінде жиналғандарға жан сырын ашты

 

Талқылау