Баян Есентаева Қазақстан үшін ұялып жүр (видео)

Сейсенбі, 23 Тамыз , 2016 10:57

Продюсер, актриса әрі тележүргізуші Баян Есентаева дәл қазір қайда жүргенін ашып айтты. Ол өзінің Instagram парақшасына Францияның Бордо қалашығында түсірген видеосын жүктеді.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Фото: comode.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Продюсер видеосында әдеттегі жанармай бекетінің ішіндегі заттарды тізімдеп шығады. Ол осылайша аталған елде барлық саланың әлдеқайда дамып кеткендігін меңзейді. Мұнымен қатар, Қазақстанға келетін саяхатшыларға мұндай жайлылық ұсынылмайтынына өкініш білдіреді.

Францияда әрбір 30 км сайын жанармай бекетіне кіріп ыстық тамақ жеуге болады. Мұнда таңдау өте көп. Балаларға арналған пюре, сусын, шарап. Француздар шарапты қатты жақсы көреді. Бір қызығы, мұның барлығы жанармай бекетінде сатылады. Түрлі тәтті мен салат та бар. Францияның Бордо қалашығындағы жанармай бекеттері әр 30 км сайын ыстық бәліштері мен кофелерін ұсынып отырады. Дәретханалары да таза. Ал бізге келетін саяхатшылардың мұндай жайлылықты сезіне алмайтыны өкінішті, расымен, халқымыз үшін де өкінішті”, – дейді Баян Есентаева.

Желі қолданушылары да продюсердің сөзін қоштай түсті. Десе де, бәрі бірінші кезекте оның даусын естіп қуанып қалғандарын жеткізді. “Біздің адамдар мәдениетті түрде демалудың не екенін білмейді. Құнды дүниелерді қадірлеуді білмейді. Жаңа бірнәрсе көрсе сындыруға дайын тұрады”, “Қуаныштымын! Даусыңды естіп, Францияда жүргеніңді біліп, тіпті амандығыңа куә болып төбем көкке жетіп отыр. Алла қаласа ұзамай ортамызға келетініңе сенімдімін”, “Нәзік даусыңыз сондай қатты ұнайды. Сізге бар жақсыны тіледім. Біз сізді жақсы көреміз әрі телевидениеге шыққаныңызды күтеміз” дейді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

10 маусымда танымал музыкалық продюсер Баян Есентаева Алматы облысының ауруханаларының біріне пышақ және бас-сүйек жарақатымен жатқызылды. Күдікті ретінде зардап шегушінің күйеуінен жауап алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 106 бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тергеу жүргізілді. Қазір күдікті тұлғаға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 24 бабы 3 бөлігі арқылы 99 баптың 1 бөлігі, яғни “Өлтіруге оқталу” бабы бойынша айып тағылуда.

Алматы облысы Талғар аудандық соты Талғар аудандық прокуроры қолдаған тергеушінің Есентаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінімхатын қарастырды. Бақытбек Есентаев ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлігі, 99 бабы 1 бөлігімен (Кісі өлтіруге оқталу) қарастырылған қылмыстарды жасады деп күдіктелуде. 13 маусымда соттың қаулысымен Есентаевқа қатысты 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.


Жіберіп алмаңыз:

Сот Баян Есентаеваның күйеуін қамауда ұстау мерзімін 10 қыркүйекке дейін ұзартты

Баян Есентаеваның қызы күшікпен “сүйіскені” үшін сын астында қалды (видео)

Баян Есентаева жұртты жаңа суретімен қуантты (фото)

“Алау” тобының телефонға түсірген бейнебаяны үздік деп танылды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар