Баян Есентаева жұртты жаңа суретімен қуантты (фото)

Дүйсенбі, 1 Тамыз , 2016 8:24

Продюсер шипажайлардың бірінде түскен суретін көрсетті. Бірақ суреттен оның жүзін көру мүмкін емес. Бар болғаны аяғынан нық тұрғаны байқалады.

image

Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева ауыр соққыдан кейін алғаш рет суретін бөлісті. Осыған дейін ол тек жаңалықтарын жеткізіп, ескі суреттерін пайдаланатын. Алайда суретте теріс қарап тұрғандықтан, жүзі анық көрінбейді. Бар болғаны аяғынан нық тұрып, денсаулығының жақсарып келе жатқаны байқалады.

Аталған суретке бір күн ішінде 66 мыңнан астам лүпіл қойылып, 1 500-ге жуық пікір жазылған.

“Баян, біз сізді қатты жақсы көреміз және күтеміз! Баян ханым, тезірек жазылып кетіңіз. Сен қазаққа керек қайсар қызсың. Өзің жоқта шоу бизнес пен өнер жетімсіреп қалды”, “Баян, сіз үшін шексіз қуаныштымыз!”,  “Шоу бизнестегі бірінші орын сізге ғана тиесілі. Сондықтан тезірек оралыңыз!” дейді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.


Жіберіп алмаңыз:

Желіде Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі делінген суреті пайда болды (фото)

Баян Есентаева жұмысқа шығуға дайындалып жатыр

Нумеролог Баян Есентаеваның күйеуімен қашан ажырасатынын айтты

Дәрігер: Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасау қажет

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар