Нумеролог Баян Есентаеваның күйеуімен қашан ажырасатынын айтты

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 10:30

Шоқан Маратұлының бағдарламасына келген нумеролог маман Баян Есентаеваның отбасында көп жылдан бері қиындықтар болып жатқанын айтты. Мұнымен қатар, маман продюсердің жуырда күйеуімен ажырасатынын, 44 жасында адам айтса нанғысыз табысқа кенелетінін тілге тиек етті.

50e7dce6-81e4-4948-8bc2-c7f06fa20172

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Әнші Шоқан Маратұлы отандық арналардың бірінде бағдарлама жүргізіп жүр. Ол бағдарламаның кезекті түсіріліміне белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваны шақырған. Маман өз кезегінде тәжірибесімен бөлісіп, Баян Есентаеваның жуырда жолдасымен ажырасатындығын айтқан. Мұнымен қатар, ол продюсерге қайғылы оқиға туралы алдын ала ескерту жасамақ болғандығын жеткізді.

“Нумерологияда “қауіпті байланыс” деген түсінік бар. Екі адамның қарым-қатынасы басынан бастап жайсыз болады. Мен Баян Есентаеваның туған жылын, айы, күнін жақсы білемін. Осыдан бірнеше жыл бұрын консультация да жүргізген болатынмын. Оның “бағдарламасында” үш “4” бар. Ал “4” дегеніміз – төзімділік пен әділеттілік. Әдетте туған күнінде “4” саны жоқтар ұрысқақ, сөзшең келеді.

Шыны керек, оның некесі Баянның төзімділігінің арқасында ғана ұсталып тұрды. Бұл некенің басынан бастап-ақ бақытсыздыққа бұйырғаны белгілі болған. Себебі, екеуінің стихиялары сай келмейді. Өзі – тауешкі, ал күйеуі – егіздер”, – дейді нумеролог маман.

Маман Баян ханымға қайғылы оқиға туралы ұлы арқылы алдын ала ескертпек болған. Алайда кешігіп қалған екен.

“Астанада тұратын ұлым да нумерологиямен айналысады. Мен оған хабарласып “Бағдарламадан соң неге Баянға ескертпедің?” дедім. Ол “Анашым, биыл ол үшін қауіпті жыл болады. Күйеуіңіздің туған күнінен кейін жайсыз күндер басталады деп айтқанмын” деп жауап берді. Күйеуінің туған күні 28 мамыр. Арада 13 күн өткен соң қайғылы оқиға орын алды. Әрине, бұл бір күннің нәтижесі емес, олар көп жылдан бері бақытсыз болып келеді. Жуырда сөзсіз ажырасады”, – дейді маман.

Бұдан өзге Клара Күзденбаева 2016 жылы Баян ханымның жұмыстары айтарлықтай жүрмесе де, 44 жасында адам айтса нанғысыз табысқа кенелетіндігін жеткізді. Мұнымен қатар, денсаулығы толықтай қалпына келіп, мансап жолында көптеген жетістікке жететінін айтты.


Жіберіп алмаңыздар:

Дәрігер: Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасау қажет

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Анонимно says:

    Көп жылдан бері бақытсыз дейді ме.Баянды продюсер қылған күйеуінің ақшасы болар.Екеуінің арасындағы болған қайғылы оқиға мүмкін Баян бірдеңе бүлдірген болар қайта күйеуі шыдамды екен жартылай жалаңаш интернетте суреттері самсап тұрған Баянға шыдап жүрген.

  • Анонимно says:

    Ол ким ози,Кудайданда артык па екен.Осындай бал ашкыштарды тусинбеймин.Арбир жануяда тусинбестик болады,арине кеширилместей кателик.Бирак екеуине ортак алтындай кыздары тур гой…….Мен оз басым сол елдин бари ангиме кылып жаткан жануяга бакыт тилеймин!

  • Анонимно says:

    Шоқан Марат ұлымен калай кездесуге болады екен

    • Анонимно says:

      Кешірім беруге болады ғо қыздары бар емес пе

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар