Баян Есентаева жұмысқа шығуға дайындалып жатыр

Бейсенбі, 7 Шілде , 2016 10:28

Баян Есентаева жуырда іске кірісіп, жобаларын жалғастырмақ.

13118349_1146273155417638_780337282_n

Фото: instagram.com/bagym_m/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маусымның 10-ы күні болған қайғылы оқиға продюсердің отбасын ғана емес, барша Қазақстанды алаңдатты. Көпшілік оның тез сауығуын тілеп, түрлі тәсілмен қолдау білдірді. Отбасын құруға ұсыныс жасағандар да болды. Бірі продюсер жатқан аурухананың қабырғасына естелік хат жазды. Мұнымен қатар, табалап, өз ойларымен жұртты шошытқандар да табылды.

Алайда Бағым Мұхитденова көп ұзамай оның іске білек сыбана кірісетінін айтып қалды.

“Өмірде әртүрлі сәт болады. Бірақ ол тоқтап қалмайды, сондықтан бір сәтке де мүдіруге болмайды! Жуырда “KeshYou” жаңа ән жазады. Ол ән менің санамда дайын тұр. Ал бұл дегеніміз жуырда жаңа бейнебаянның куәсі боласыздар деген сөз. Баян маған “Тоқтама, жұмыс істе, мен де жуырда қатарға қосыламын” деді. Қысқасы барлық жақсылық әлі алда болмақ!” – дейді ол.

Бұл хабарды естіген желі қолданушыларының қуанышында шек жоқ. Олар “Күтеміз”, “Сәттілік”, “Әр қазақтың қызында Баян ханым сияқты күш-жігер, өзіне деген сенім болса шіркін. Алла пендесіне өзі көтере алатындай сынақ береді екен”, “Жарайсыңдар!”, “Біз тек қана қуанамыз” сынды тілектермен жылы лебіздерін білдірген.

Естеріңізде болса, белгілі нумеролог маман Баян Есентаеваның 44 жасында адам айтса нанғысыз табысқа кенелетінін айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Жұрт Бағым Мұхитденованың 18 жыл бұрынғы суретін көріп, оны қазіргі Баянға ұқсатты

Бағым Мұхиденова: Жалынып сұраймын барлығын доғарыңыздаршы

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Мақсат says:

    Менімше Баян үлкен нарсе бүлдірген сиякты ! олай болса – ол Қазақ қызына улгі болатын қыз емес !!! Жане ана тілін умытқан адам! бұл үлкен кемшылык!!!

  • Анонимно says:

    Казактын мактанарлык кыздар,Алга!!!!!!!!!

  • Анонимно says:

    ICКЕ СЭТ!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар