Сот Баян Есентаеваның күйеуін қамауда ұстау мерзімін 10 қыркүйекке дейін ұзартты

Сәрсенбі, 3 Тамыз , 2016 13:01

Сот Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есенетаевты қамауда ұстау мерзімін 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін ұзартты деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Талғар аудандық сотының кеңсе мергерушісі Асқар Қалмақбаев.

12176264

“Жұмада мерзімді ұзарту туралы санкция түсті. Сенбіде қарастырдық, қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Яғни, қамауда ұстау осы жылғы 10 қыркүйекке дейін ұзартылған”, — деді ол телефон арқылы. 

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

10 маусымда танымал музыкалық продюсер Баян Есентаева Алматы облысының ауруханаларының біріне пышақ және бас-сүйек жарақатымен жатқызылды. Күдікті ретінде зардап шегушінің күйеуінен жауап алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 106 бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тергеу жүргізілді. Қазір күдікті тұлғаға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 24 бабы 3 бөлігі арқылы 99 баптың 1 бөлігі, яғни “Өлтіруге оқталу” бабы бойынша айып тағылуда.

Алматы облысы Талғар аудандық соты Талғар аудандық прокуроры қолдаған тергеушінің Есентаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінімхатын қарастырды. Бақытбек Есентаев ҚР ҚК 24 бабы 3 бөлігі, 99 бабы 1 бөлігімен (Кісі өлтіруге оқталу) қарастырылған қылмыстарды жасады деп күдіктелуде. 13 маусымда соттың қаулысымен Есентаевқа қатысты 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде Баян Есентаеваның жазылғаннан кейінгі делінген суреті пайда болды (фото)

Баян Есентаева жұмысқа шығуға дайындалып жатыр

Нумеролог Баян Есентаеваның күйеуімен қашан ажырасатынын айтты

Дәрігер: Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасау қажет

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар