Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Алау” тобының телефонға түсірген бейнебаяны үздік деп танылды (видео)

Қазақстандықтар инстаграм желісінде дауыс беру арқылы жаздың ең үздік бейнебаянын анықтады.

image
Фото: instagram.com/alautoby_official/
Бұл туралы Вnews.kz хабарлайды. Бас жүлде 600 дауыс жинаған “Алау” тобына бұйырды. Екінші орынды 340 дауыспен Серік Гамза-заде, ал үшінші орынды 149 дауыспен “Turkiss” тобы иеленді. Алау тобы аталған бейнебаянды ұялы телефонға түсірген болатын. “Бұл жүлдені жеңіп алғандарымызға қуаныштымыз. Болашақта әлемге танылып, “MTV Music Awards” сынды жүлделерге ие боламыз деген үміттеміз”, - дейді Алау тобының әншілері. Summer Party марапаттау рәсімінде “AidaKaumeNOVА”, “Arsen Famo” сынды отандық сәнгерлердің топтамалары таныстырылды. “Өз басым шулы ортаны ұнатпаймын. Десе де, жүлделі орындарды иеленген достарым көп болғандықтан, келмеске амалым болмады. Мұнымен қатар, өзім ойлап тауып, тіккен киімдерді таныстырғым келді. Мен кез келген адамның еңбегін бағалаймын. Адамдар көріп, өзіндік бағасын бергендерін қалаймын”, - дейді сәнгер Әрсен Жансейітов. Ұйымдастырушылар дәл осындай шаралардың көптеп болатынын айтты. Қазан айында күздің ең үздік бейнебаянын анықтауды жоспарлап отыр екен.
Жіберіп алмаңыз: “Алау” тобы ұялы телефонға түсірген бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео) “Алау” тобының “Гүл әпше” әні ұрланған болып шықты (видео) “Алау” тобы Шымкент сұлуларына арналған “Гүл әпше” әніне бейнебаян түсірді Есентаева халыққа “Алау” тобын таныстырды
Талқылау