“Алау” тобы Шымкент сұлуларына арналған “Гүл әпше” әніне бейнебаян түсірді
Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева жетекшілік ететін “Алау” тобы Шымкент қыздарына арнап жаңа бейнебаян түсірді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Продюсер өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында «Жақында «Гүл әпше» барлық шымкенттік сұлуларға арналады» деп жазып, бейнебаянның үзіндісін ұсынды. Мұны көрген сұлулар алғыстарын айтып, пікір қалдырды.
Естеріңізге сала кетсек, “Алау” тобы Жанды дауыс жобасы арқылы құрылып, көпшілікке 2015 жылдың 1 желтоқсанында таныстырылған болатын. Алғашында Баян ханым топтың атын өзгертетіндігін айтса да, кейін сол қалпында қалдырады. Әзірге топтың қоржынында «Welcome to Kazakhstan» бейнебаяны бар.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды