Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуге шақырды

Баян Есентаева желі қолданушыларын “Аналар үйіндегі” қыз- келіншектерге қолдау көрсетуге шақырды.

image

Фото: astana.zagranitsa.com

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева бірнеше күн бұрын балаларын жалғыз өздері тәрбиелеп жатқан “Аналар үйіне” барды. Өзінің инстаграм парақшасы арқылы алған әсерін бөлісіп, желі қолданушыларын оларға көмектесуге шақырды.

“Әлемде мейірімді жандар бар. Бүгін алғаш рет “Аналар үйіне” бардым. Өте үлкен әрі ыңғайлы. Ішінде 20 ана өздерінің балаларымен бірге тұрып жатыр. Оларды туған ата-аналары да, туысқандары да, қоғам да түсінбейді, сондықтан барар жер, басар таулары жоқ. Алайда олар өздерінің перзенттерін шексіз жақсы көреді. Мұнымен қатар, олар осы жерде сәбилерін жетімдер үйіне өткізбес бұрын ойланып алуға мүмкіндік алады.

Бір-бірлерімен қарым-қатынастары өте жақсы және оларға барлық жағдай жасалған. Қазақстанда мейірімді меценат аналар ашқан дәл осындай 28 үй бар. Осындай үйлердің арқасында елімізде жетімдер саны аз. Егер сіз де көмектескіңіз келсе, 8 701 752 72 45 нөміріне хабарласып, барлығын Наталья есімді бойжеткеннен сұраңыз”, – дейді Баян Есентаева.

Продюсердің аналар үйіне барып, оларға қолдау көрсеткені жұрттың жүрегін елжіретті. “Баян апай, мен сізге ризамын! Сіздей әйелдер мың жылда бір туылады. Мықты бола тұра, әйел болған соң әлсізбіз. Өмірде бәрі де болады. Ақ пен қара бірге жүреді. Ақыл айтып тұр екен деп ойламаңыз. Керісінше, сізбен бірге екенімізді көрсеткім келеді. Ешқашан мойымаңыз! Құдай сізге ұзақ та, бақытты ғұмыр берсін!” – дейді желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыз:

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы бар екені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Дариға Назарбаева Баян Есентаеваға қолдау білдірді

Есентаева «Өгей жүрек» телехикаясының алдын-ала көрсетілімін өткізді (фото, видео)

Есентаеваның «Лашыны» Грузияда түсірілген бейнебаянның тұсауын кесті (фото, видео)

Талқылау