Есентаеваның «Лашыны» Грузияда түсірілген бейнебаянның тұсауын кесті (фото, видео)

Жұма, 16 Қыркүйек , 2016 11:14

«Лашын» дуэтінің «Үндеме» атты бейнебаяны жарыққа шықты. Видео Грузияның астанасы Тбилисиде түсірілген.

14294833_1383469245015304_1491625418_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан үш ай бұрын «Лашындық» Элизат пен Сара өнердегі «аналары» Баян Есентаевамен бірге Грузияның әсем де көркем астанасына аттанған еді. Жай барған жоқ. Тыңдарманына кезекті сапалы дүние ұсыну мақсатын көздеді. Ал мақсатына жете алды ма, жоқ па, оны халықтың берген бағасынан білетін боламыз.

13392771_1572731666354035_338147655_n

Күні кеше YouTube желісінде пайда болған видеоны 20 мыңнан аса адам тамашалапты. Алайда пікір қалдырғандардың ойы бір жерден шықпады. Кейбіреулер туындыға «5» деген баға берсе, енді біреулер мұндай бейнебаянды түсіру үшін Грузияға аттанудың қажеті шамалы болғанын алға тартты.

13385736_1093068167416503_330262034_n

Ал Айза Мырзалиева есімді желі қолданушысы нағыз кәсіби мамандар ұқсап, қыздардың артықшылықтары мен кемшіліктерін тізіп берген. Зер салайық:

«Артықшылықтары: өте көркем және көңілді бейнебаян; шетелде түсірілгендіктен қымбат дүние екені белгілі; Сараның рэп оқығаны; Элизаттың дене бітімі. Ал кемшіліктері: «Үндеме» сөзінен басқа ештеңе есте қалмайды; бейнебаян қымбат тұрғанымен, арзанқол дүние көрінеді; сол уақытта Баян Мақсатқызы басынан өткерген оқиғаға мына бейнебаян татымайды; сюжет дұрыс емес; стильдеріңіз онша емес; Сараға арықтау керек».

13116615_1772014889681506_702510227_n

Айзаның Баян Есентаеваның басынан өткерген жайы туралы сөз қозғағаны бекер емес. Өйткені дәл осы сапардан оралғаннан кейін ол күйеуінің соққысына жығылған еді.

Айтпақшы, Айзаның пікіріне қосылғандар көп. «Мұндай бейнебаянды Қазақстанда да түсіруге болар еді», «Грузияда түсірілгендіктен көп үміт күтіп едім, алайда тым қарапайым секілді», «Өлеңде ешқандай мағына жоқ», «Өлең жақсы, ал клип онша емес», – дейді желі қолданушылары.

14052735_1066135696815608_1417007462_n

Есесіне «Лашынға» қолдау көрсеткендер: «Клип супер», «Маған ұнады, екеуі де жарасып тұр», «Тамаша жұмыс», «Жарайсыңдар», «Элизаттың даусы керемет», – деп пікір білдірген.

Жіберіп алмаңыз: 

Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия Баян Есентаеваның сөзіне қатысты пікір білдірді

Мәдина Балғабаева Баян Есентаева туралы жаңалықты еркінен тыс жариялағанын айтты

Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды

Гамза-заденің «Лашын» тобындағы Элизатқа қолы жетпей жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар