Мәдина Балғабаева Баян Есентаева туралы жаңалықты еркінен тыс жариялағанын айтты

Сейсенбі, 13 Қыркүйек , 2016 16:38

Танымал тележүргізуші әрі Баян Есентаеваның жақын құрбысы Мәдина Балғабаева құрбысы туралы жағымсыз жаңалықты еркінен тыс жариялағанын мәлімдеді.

14262718_1110309622350387_644070658_n

Жуырда танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева әріптесі Динара Сәтжанға сұхбат беріп, 10 маусымда болған аты шулы оқиға туралы өз аузымен айтып берген еді. Продюсер бұл сұхбатқа амалсыздан келіскенін айтып қынжылды әрі БАҚ өкілдеріне ренішін жасырмады.

Эксклюзивті сұхбатты еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған-ды.

Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденова «КТК» арнасындағы кешкі жаңалықтардан кейін пост жазып, телеарналар мен басқа да ақпарат құралдарына ренішті екенін білдірді. Сондай-ақ, ол эфирге шыққан Мәдина Балғабаеваның суретін жариялады.

Содан кейін желі қолданушылары тележүргізушіге түрлі сөздер айтып, «шабуылдады». Анығында, жұрт Есентаева туралы ақпаратты неліктен Балғабаеваның таратқанын білгісі келді.

Ашынған тележүрізуші халыққа өз жауабын берді.

«Кешеден бері комменттеріңізді оқып жүрмін. Негізі, жауап беретіндей ешқандай ынта жоқ… Бірақ шыдамай кеттім… Кешегі эфир жайында. Достар, екі оттың ортасында жүрген мен қандай күйде жүргенімді бір өзіме аян… Менің жеке арнам жоқ, меншікке әкем қалдырып кеткен КТК-жоқ. Бұл менің нан тауып отырған жұмысым. Менің жүргізушілік міндеттерім бар, жиырма журналист күні бойы зар илеп жазып шыққан материалдарды мен жарыққа шығаруым керек», – деп жазды Балғабаева желідегі парақшасында.

Одан әрі тележүргізуші Есентаевтар отбасының өзіне жақын екендігін айтып, қынжылды. Айуынша, осыдан үш ай бұрын қайғылы оқиға туралы ақпаратты эфирге шығармау үшін ол барын салған. Бұл жолы тележүргізушінің қауқары жетпеген.

«Кеше құрбым жайлы материал да болды. Осыдан үш ай бұрын бұл жағдай болған күні, елге тарамай тұрып мен эфирге шығармауға барынша күшімді салдым, ол кезде экранға шықпады. Ал осы жолы менің қауқарым жетпеді… Бүкіл ғаламтор, интернет, телевидение, радио шулап-сұxбатын беріп жатқанда экранға шығармауға менің әлім жетпеді… Түсінген адам түсінер, түсінбеген өзі білер… Ешқандай сұрақ қоймасаңыз-ризамын. Бұл отбасы мен үшін ерекше ыстық…» – деп түйіндеді сөзін тележүргізуші.

Айта кетейік, Есентаеваның эксклюзивті сұхбатының жалғасы шығады.  Бұл туралы ақпарат құралдарына Есентаеваның әріптес-құрбысы Динара Сәтжан айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды

Танымал тележүргізуші Асхат Тарғынның бұрынғы әйелінің сұлулығына қайран қалды (фото)

Тележүргізуші Динара Сәтжан өз қолымен қой сойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Мадинанын еш кинаси жок. Бар болганы оз жумысын аткарды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар