Баян Есентаева емделу үшін Үндістанға аттанды (фото, видео)

Дүйсенбі, 26 Қыркүйек , 2016 16:31

Күні кеше «ЕМА-2016» музыкалық байқауында «Кеш you» тобының кезекті жеңісін тойлаған продюсер Баян Есентаева Үндістанға жол тартты. Денсаулығын қалыпқа келтіріп жатқан ол аталмыш елдің астанасы Дели қаласына танымал дизайнер Аида Кауменова мен әріптес-құрбысы Динара Сәтжанмен бірге барған.

14178016627699

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Дәрігерден дәрігерге, көңіл-күйім ойдағыдай. Біз Үндістан астанасындамыз. Денсаулығым әлі де күтімді талап етеді, Делиде толық тексерістен өтуді жөн көрдім. Неге десеңіздер, ұшақпен небәрі 3,5 сағатта жетесіз, check-up 550 долларды құрады, оның ішінде бәрі бар. Былтыр Кореяда бұдан бес есе көп төледім. Дәрігерлері – жоғары білікті мамандар. АҚШ пен Ұлыбританияда білім алып, тәжірибе жинақтаған. Заманауи ең мықты құрылғылар», – деді Есентаева желідегі жазбасында.

14360104_834397410031157_3947782373382291456_n

Продюсер Еуропа мен Кореяның қымбат емханаларынан гөрі Үндістанда емделген әлдеқайда тиімді екенін айтып өтті.

Желі қолданушылары Есентаеваға саулық тіледі. Продюсердің неліктен Қазақстанда емделмегенін сұрағандар да табылды. Сондай-ақ, күн сайын дұға-тілегінде Есентаеваның аманшылығын, тезірек сауығып кетуін тілейтін оқырман жылы лебізін арнады.

баян динара аида

 

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаева жұрт алдына көзілдіріксіз шықты (фото)

Есентаева «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушыларын айыптады

Баян Есентаева жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуге шақырды

Атыраулық кәсіпкер Баян Есентаевамен байланысы бар екені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • ? says:

    Дұрыс айтасын.

  • Анонимно says:

    Мынау рахаттанып демалп журге емделіп емес. Ойтіп ақшаны далаға шашқанша оз елімізде емделіп. Жетім жесірлерге ақшаны таратып бермйснба. Сонда олардан алғыс алып сауап болып жазылар ед. Сонда тез жазылар едн.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар