Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек әйгілі ғарышкер “Гагаринмен” бір орындыққа жайғасты

Желіде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің ғарышкер Юрий Гагариннің инсталляциясымен түскен суреті тарап кетті. Шаһарда орындықта отырған скафандрдағы әйгілі ғарышкер бейнеленген инсталляция пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бауыржан Байбек әйгілі ғарышкер "Гагаринмен" бір орындыққа жайғасты

Сурет: Instagram/Давай сходим! Алматы

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, әзілге құрылған композиция қоладан жасалған. Ол Гагарин және Абай даңғылдарының оңтүстігінде орналасқан.

Бұрындары жұмыс сапары кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек тұрғын үй құрылысы қарқынын тексеріп жүріп, жаңадан салынып жатқан тұрғын кешендерінің ауласынан осыған ұқсас инсталляцияны көріп қалып, толыққанды бейнені жасап, оны Гагарин даңғылына орнатуды тапсырған еді.

Бауыржан Байбек әйгілі ғарышкер "Гагаринмен" бір орындыққа жайғасты

Бұл арт-объект селфи үшін тартымды ғана емес, сонымен қатар өткен күннің белгісі болып табылады, өйткені адамзат тарихында алғаш рет Юрий Гагарин Қазақстан жерінен ғарышқа аттанған болатын. Жоба авторлары Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының жас студенттері Азамат Қабыл мен Ақылбек Шәкен. Жобаны жүзеге асыруға «BI Group» құрылыс компаниясы қолдау көрсетті.

«Біздің ойымызша скульптура қала ландшафтымен жақсы үндестік тауып тұр, аллеяны жандандыра түсуде. Алматыда мұндай объектілер көп болады деген үміттемін. Себебі олардың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Оның үстіне бұл жас суретшілердің қалыптасуына оң ықпал етеді», – дейді Азамат Қабыл.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау